21 шілде 2014 14:45

"Эйр Астана" Украинадағы ұшақ апатынан кейін Киевке қатынайтын рейсті ұшырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының Украина аумағындағы апатынан кейін "Алматы-Киев-Алматы" рейсінің ұшуын сәтті орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Эйр Астананың" баспасөз қызметі таратып отыр. Ұшу кезінде ұшақ бортында 128 адам болған. Бұдан сәл ертеректе Украинаға солтүстік бағыт бойынша қатынайтын барлық рейстер ол аумақта әскери қақтығыстардың жүріп жатуына байланысты тоқтатылған болатын.

"Алматы-Киев-Алматы" рейсінің ұшуына рұқсат кеше, 20 шілдеде кешкілік келіп түсті. Қалған рейстердің ұшуына рұқсат беру екі арадағы келісімнен кейін белгілі болады", - делінген компания таратқан мәліметте.

Естеріңізе болса, Амстердам-Куала-Лумпур бағытында ұшып шыққан Malaysia Airlines компаниясына тиесілі ұшақ Украина аумағында апатқа ұшырап, борттағы 298 адам түгел қайтыс болған еді. Ұшақтағы жолаушылардың басым бөлігі Голландия азаматары екендігі анықталып отыр. Сондай-ақ, Боинг-777 ұшағының қара жәшігі қазіргі уақытта табылды. ДХР премьер-министрі Александр Бородайдың мәлімдеуінше, ондағы жазба тек Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) сарапшыларына берілетін болады.

Украинадағы ұшақ апатынан кейін қазақстандық әуекомпаниясы Киев арқылы, сонымен қатар жалпы Украина арқылы ұшпайтындықтарын мәлімдеген болатын. Дәлірек айтқанда, "Эйр Астана" ресейлік авиациялық басшылықтың солтүстік жолы арқылы ұшуға рұқсат беруін күтіп отыр. Сол секілді SCAT әуекомпаниясы Ақтау-Киев-Ақтау арасында қатынайтын DV 827/828 рейсін Украинадағы жағдайға байланысты ақпан айында тоқтатқан еді. Сондай-ақ, SCATәуекомпаниясының рейстері Украина арқылы мүлдем ұшпайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети