21 қазан 2016 12:04

"Эйр Астанаға" үш айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© airastana.com © airastana.com

"Эйр Астана" АҚ монополиялық органның тергеп-тексеру жүргізуіне кедергі келтіруді жалғастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Эйр Астана" АҚ монополиялық органның тергеп-тексеру жүргізуіне кедергі келтіруді жалғастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таралған ақпаратқа қарағанда, қазіргі уақытта авиатасымалдар қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу мәніне "Эйр Астана" АҚ қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Тергеп-тексеру басталғаннан бері монополияға қарсы орган авиакомпанияның атына ақпарат және құжаттарды ұсыну туралы 3 сұрау салу жолдады. Оларға жауап берілмеді не толық көлемде берілмеді.

"Осыған орай, монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізіп жатқан лауазымды адамдары, жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде 30 қыркүйектегі және 6 қазандағы сұратылған ақпаратты ұсынбағаны/ақпаратты толық көлеме ұсынбағаны үшін "Эйр Астана" АҚ қатысты әкімшілік істер қозғады (2016 жылғы 10 қазандағы № 74 және 2016 жылғы 14 қазандағы № 75 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар)", - делінген хабарламада.

Бүгінде жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында "Эйр Астана" АҚ-на қатысты барлығы үш әкімшілік іс қозғалған.

Еске салайық, биыл 11 қазанда соттың "Эйр Астана" АҚ ақпарат ұсынбағаны үшін жауапқа тарту туралы Монополияға қарсы органның шешімін қолдағаны хабарланған болатын. ведомстводағылар 2016 жылдың 7 қазанында "Эйр Астана" әуе компаниясындағылардың монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеуіне байланысты әкімшілік істің қозғалғанын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети