"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы Kazakh Air болып өзгерді

06 Ақпан 2015, 18:04
0
"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы Kazakh Air болып өзгерді - ©Wikipedia.org
©Wikipedia.org
"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы Kazakh Air болып өзгерді - Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. ©Tengrinews.kz
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. ©Tengrinews.kz

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы Kazakh Air болып өзгерді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген оңаша сұхбатында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан ішінде тасымалдаумен айналысатын жаңа компанияны қалыптастыру жүріп жатыр. "Әуе компаниясын құрумен "Самұрық-Қазына" қоры айналысып жатыр. Екінші мүліктің екінші иесі қажетті қаржы құймағандықтан, компанияны ұлттық қордың 100 пайыз қатысуымен құру туралы шешім қабылданды. "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің отырысында "Эйр Қазақстан" деген атауды Kazakh Air деп өзгерту туралы шешім қабылданды, - дейді ол. - Олардың сөзіне қарағанда, сол мерзім қалады (...) Әуе компаниясы осы жылы ұшуларды бастайды", - деді Сейдахметов.

Бұған дейін елде жаңа "Эйр Қазақстан" әуе компаниясы ашылатыны хабарланған болатын. Үкімет өкілдері бұл әуе компаниясының ұшақтары арзан бағамен тасымалдайтынын айтқан еді. Жаңа "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының пайда болатыны жайлы 2014 жылдың ақпан айында пайда болатыны белгілі болған еді. Бұл мәселені Қазақстан Президенті "Бомбардьер" компаниясының басшысы Пьер Бодуэнмен талқылады. Қазақстан туристер қауымастығының өкілдері "Эйр Қазақстан" әуе компаниясы құрылса, билеттердің құны айтарлықтай төмендейді деп есептейді.

Еске сала кетейік, мұндай атауы бар бір әуе компаниясы Қазақстанда бұрын да болған еді, бірақ ол 2004 жылы банкротқа ұшырады. Әр жылдары "Эйр Қазақстан" әуе желілерін Рүстем Бектұров пен Еркін Қалиев басқарды. 2004 жылдың 1 қаңтарында "Эйр Қазақстан" компаниясының міндеттемелері 78 миллиард теңге болды. Компанияның активтері осы мерзімде 5,4 миллиард теңге болды. 2004 жылдың 17 ақпанында әуе компанияның басшылары ішкі рейстердің SCAT, "Атырау Әуе Жолы" және "Саяхат" компанияларына ерікті түрде берілгенін хабарлады. 2004 жылдың 29 ақпанында компанияның соңғы рейсі Ганноверден Алматыға ұшты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай