27 ақпан 2014 | 14:18

"Эйр Қазақстан" жұмысын келесі жылдан бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tengrinews.kz Фото © tengrinews.kz

Ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа әуе компаниясы - "Эйр Қазақстанға" он ұшақ сатып алынады. Ал келесі жылдан бастап ол қызмет көрсетуге кірісетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасап. Айта кеткен жөн, бүгінде "Самұрық-Қазына" қоры "Эйр-Астана" әуе компаниясының 51 пайыз акциясына ие. Ал қалған компаниялар осы саладағы бәсекеге төтеп бере алмай жатыр. Сондықтан монополияны болдырмас үшін тағы бір отандық әуе операторын құру туралы шешім қабылданды. "Жаңа компания ішкі рейстерді орындайтын болады. Бүгінде біз "Бомбардьер" компаниясымен 10 ұшақты жеткізіп беру бойынша әріптестік келісімді рәсімдедік. Олар облысаралық әуе қатынастарын жасайды. Біз екі компаиняның ("Эйр Астана" мен "Эйр Қазақстан") акционері ретінде олардың мүдделерін реттейтін боламыз. Дегенмен, біздіңше, отандық әуе қатынасында нағыз бәсеке болуы шарт", - деп атап көрсетті Ө.Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қор басшысы атап көрсеткендей, мамырдың аяғына дейін жаңа компанияны тіркеуге қою қажет. "Содан соң, оған оператор тартылады. Қазір біз кімді тартатынымызды білеміз... Жылдың аяғына дейін ұшақтарды сатып алуымыз қажет. Бәлкім, келесі жылда ұшуды бастаймыз", - деді Ө.Шөкеев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети