18 қараша 2016 12:51

Фин комиссары EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

Финляндия ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.


Финляндия ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

"Мен фин павильоны орналасқан ғимарат қиратылды дегенім жоқ. Оның орнына фин павильонының алдындағы көпір құлады дедім. Мен фин павильонының орны туралы талқылағаным жоқ, алайда Финляндия көрмеге қатысатындығы жөнінде шешім қабылданғанға дейін, оның көлемі мен орналасуына қатысты әдеттегі жұмыс тәртібі бойынша әңгіме болды. Қатысу туралы нақты шешім қабылданғаннан кейін бізге қазіргі орын бөлінді (399,1 шаршы метр) әрі оның орналасуы біздің көңілімізден шығады. "Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясымен әріптестік қатынасымызға дән ризамыз", - деп жазды Севери Кейняла "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментіне жазған хатында. 

ҰК департаментінің мәліметінше, Севери Кейняла Facebook желісінде жарияланған мәліметтерді жалған деп, оны жоққа шығаруды сұраған.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдай 16 қарашада болған. Ал кейінірек BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, BI Group өкілдері құрастырманың бір ай ішінде жөнделетінін мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети