17 тамыз 2017 15:24

Финляндияда неге ҰБТ жоқ және оқушылар неге сирек ауырады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mel.fm © mel.fm

EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанға Финляндияның балаларға білім беру жүйесінен қандай тәжірибе енгізу тиімді болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


EXPO-2017 көрмесінде Қазақстанға Финляндияның балаларға білім беру жүйесінен қандай тәжірибе енгізу тиімді болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финляндияның павильонында өткен семинар барысында Қазақстандағы білім беру мекемелерінің басшыларына әлемдегі елдердің тәжірибелері туралы айтылды.

"Біздің білім беру жүйеміз әлемде жоғары бағаланған және алғашқылардың қатарында тұр. Білім беру бізде тегін, балабақшаларда да, университеттерде де. Бізде мұнай, газ деген жоқ, сондықтан біздің капиталымыз - ол білім. Балаларымыздың барлық мүмкіндігін қолдануымыз керек", - деді Финляндияның білім жүйесінің ғылыми қызметкері Паси Силандер.

Білім беру жүйесінің осындай дәрежеде бағалануының басты себебін Силандер басшылықтың мұғалімдерге арнап ойластырған арнайы сабақ жоспарларында екенін айтады.

"Бізде басшылық бар. Басшылық сабақ жоспарын жақсылап ойластырады. Яғни, барлық мектепте сабақ жоспары стандартталған. Оқушылар біліп шығуы тиіс белгілі бір пәндер бар. Білім берудің сапасын біз осылай арттырып отырамыз. Жақсы нәтижелер көрсетуіміздің құпиясы да осында. Мұғалімдерге сенеміз, себебі бізде мектеп бітірген соң бірыңғай ұлттық тест деген жоқ", - деді Паси Силандер.

Сондай-ақ, семинар қатысушылары Финляндияда мектеп оқушыларына үй тапсырмасы беріле ме, жоқ па - соны сұрады. Силандердің айтуынша, үй тапсырмасы олар үшін өте маңызды.

"Расында бұл өте жақсы. Оқушы үйде қосымша тағы білім алады, мысалы, тіл үйренеді. Оған үй тапсырмасы берілмесе де, оларға сұхбат алу деген тапсырма берілуі мүмкін",  - дейді Силандер.

Сонымен қатар, Паси Силандердің айтуынша, оларда мектептерде бактерияларға қарсы арнайы жиһаз қойылады.

"Бактериялардың 80 пайызы ауа арқылы немесе адамдар бір-біріне жақындаған кезде таралады. Қазіргі уақытта біз микробқа қарсы кабинеттер дайындап қойдық. Бұл жаңа технология. Зерттеу нәтижелеріне қарасақ, осы технологиядан кейін сынып ішіндегі бактерияның 95 пайызы жойылып, оқушылардың 20 пайызы бұрынғыға қарағанда сирек ауырады. Бізде, Финляндияда, бала ауырып қалса, ата-анасының біреуі демалысқа шығып, баласының қасында болады. Сондықтан да бізде балалар арасында ауру өте аз. Бұл экономикалық тұрғыдан да тиімді", - деді ISKU корпорациясының бас сәулетшісі Анти Олин.

Еске сала кетейік, осыған дейін Паси Силандер Финляндияда балалардың неге мектеп формасын кимейтінін айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети