Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Франция Қазақстан дипломдарын қабылдауға дайын

05 Желтоқсан 2014, 18:25
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Франция Қазақстан ЖОО-ларының дипломын қабылдауға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанаға мемлекеттік сапармен келген Франция президенті Франсуа Олланд мәлімдеді. 

"Қазақстан өзінің жоғары оқу орындарын дамытуды қалайды. Біз бұл жағынан сіздерді қолдауға дайынбыз. Біз альянс құрып, сіздің елмен өте жоғары деңгейде ынтымақтастық жүргізуге дайынбыз, Президент мырза. Бұл дипломдарды өзара мойындауға, ғылымды зерттеу және Қазақстан мен Франция ЖОО-лары арасында университеттік өзара әрекет ету саласында жаңа байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін келісімдерге қол қоюға қатысты", - деді Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздерді қорытындылай отырып. 

Франсуа Олланд ертең, 6 желтоқсан күні Алматыда Сорбонна университетінің Қазақстандағы өкілдігі ашылатынын айтты. Франция президенті келешекте елдер екі елдің беделді ЖОО-лары арасында жаңа байланыстар орнататынына сенім білдірді. 

"Қазақстанда француз тілін оқытуға көңіл бөлу керек. Бұл біздің мәдени ынтымақтастығымызды дамытуға мүмкіндік береді. Канны қаласының мэрі мен Греноболь қаласы мэрінің орынбасары мұнда менімен бірге келді, олар бұл жобаларға қатысуға дайын. Канны кинофестивалі ұйымдастырушыларымен де, басқа жобалармен де байланыстарды орнатуға болады", - деді Олланд. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен декларация қабылдады. Сонымен бірге, олардың қатысуымен құжаттарға қол қойылды, олардың бірі университеттік ынтымақтастық, ғылым және кәсіби білім беру салалары бойынша. ҚР Білім және ғылым министрі мен Француз Республикасы ұлттық білім беру, жоғары білім және ғылым министрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай