10 маусым 2014 23:15

Француздар EXPO-2017 кезінде сапалы қызмет көрсетуге мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Парижде бірнеше компанияның басшысымен келіссөз жүргізді.  ©Болатбек Мұхтаров "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Парижде бірнеше компанияның басшысымен келіссөз жүргізді. ©Болатбек Мұхтаров

Францияның ұлттық компаниялары EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің дайындығы мен оны өткізу жұмыстарына атсалысуға белсенділік танытып отыр. Бүгін, 10 маусым күні Парижде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев жергілікті бірнеше компанияның басшысымен кездесіп, келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Францияның ұлттық компаниялары EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің дайындығы мен оны өткізу жұмыстарына атсалысуға белсенділік танытып отыр. Бүгін, 10 маусым күні Парижде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев жергілікті бірнеше компанияның басшысымен кездесіп, келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келіссөз жүргізіп жатқан компаниялардың бірі – Morpho. Оның Орталық Азия бойынша коммерциялық директоры Франсуа Ротенбургердің (Francois Rothenburger) айтуынша, бұл кәсіпорын халықаралық көрме кезінде қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүдделі.

"Morpho компаниясы бұл салаға маманданған, оның түрлі ірі халықаралық шаралар кезінде қызмет ету жөнінен тәжірибесі үлкен. Айталық, біз Лондон Олимпиадасы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еттік. Астанада болатын осы маңызды шара кезінде қауіпсіздік мәселесінің қатаң сақталуы керек деп есептейміз. Біз әзірше жалпы мәселелер бойынша пікір алмастық, нақты жайттар жөнінде кейінірек талқылайтын боламыз”, - дейді Ротенбургер.

Франциялық бизнесмендер EXPO-2017 көрмесі кезінде қауіпті нысандар мен материалдарды анықтап, оларды залалсыздандыру бойынша қызмет ұсынып отыр. Сонымен бірге, жоғары технологияның көмегімен көрмеге келушілер мен күмәнді адамдардың жеке басын анықтап, қауіпсіздендіру шараларын қолға алмақ.

Кездесуде газ, энергетика, инженерлік-коммуналдық жүйелер, ауызсумен қамту, тұрмыстық қалдықтарды игеру, тағы да басқа салалар бойынша алдын ала келіссөздер жүргізілді. Айта кетейік, ертең, 11 маусым күні Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясында бюроның туы Қазақстанға 2017 жылғы көрменің қожайыны ретінде ресми түрде табыс етіледі. Сессия жұмысына қатысу үшін Франция астанасына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация келді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети