06 тамыз 2018 17:31

Ғабидолла Әбдірахымов күйеуі тастап кеткен әйелдерге көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балаларымен қиын жағдайда қалған және тұрақты табысы жоқ әйелдерге көмек қолын созуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балаларымен қиын жағдайда қалған және тұрақты табысы жоқ әйелдерге көмек қолын созуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көмек былайша көрсетілмек: талап етілетін мамандықтар бойынша жаппай оқыту мен бизнесті ашуға жеңілдікті несие беру.

"Маған көпбалалы, күйеулері жұмыс істемейтін немесе мүлдем тастап кеткен әйелдер көмек сұрауға жиі келеді. Олар қиын сәтті бастан кешіріп жатыр, оларды да түсінуге болады. Олар отбасын асырау үшін барлық жұмысты істеуге әзір тұр. Осындай әйелдерге біз демеу көрсету керекпіз", - деді Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімдігінің отырсында бір ай ішінде әйелдерге шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсыра отырып.

Ғабидолла Әбдірахымовтың сөзінше, бағдарламаның басты желісі қысқа мерзімді оқудағы талабы жоғары қызметкерлерге: маникюр, шаштараз ісі, массаж, аспаз секілді мамандықтар бойынша өз ісін ашу. 

Сондай-ақ, қазіргі таңда Шымкенттің жұмыспен қамту орталығында 10 мың әйелдің жұмысқа мұқтаж екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети