01 қараша 2018 16:27

"Гамбургерден қайтыс болуы мүмкін емес" - Бас санитарлық дәрігер Есіктегі қайғылы жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есікте қайтыс болған бала жеген гамбургерден ішек таяқшасы мен стафилококк анықталды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.


Есікте қайтыс болған бала жеген гамбургерден ішек таяқшасы мен стафилококк анықталды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

"Біз алдын ала тергеу жұмыстарын жүргіздік. Көшеден сатып алынған гамбургерді зерттедік. Ол гамбургердің қайда сатылғанын, сол павильонның иелерін және нақты осы өнімді шығарған адамды анықтадық. Бірақ бұл жерде баланың басқа да аурулары болғаны анықталды", - деді Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінен кейін.

Оның айтуынша, бала ауруханаға түскен кезде оның организмнінен жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштар табылмаған.

"Бірақ гамбургерде шартты-патогенді флора мен ішек таяқшасы анықталды, дегенмен олардың құрамында адам денсаулығына қауіпті ештеңе жоқ. Ол гамбургерлерде әдеттегі ішек таяқшасы мен алтын түстес стафилококк болған. Сот-медициналық сараптамадан кейін зертханалық зерттеулердің қорытындысы ескеріліп, қорытынды жасалады", - деді Бекшин. 

Еске сала кетейік, 26 қазанда Есік қаласында 14 жастағы бала Еңбекшіқазақ аудандық Орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен бала 28 қазанда қайтыс болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети