Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Германияда сотталған ҚР елшілерін елге қайтаруға өтініш берілді

10 Қазан 2014, 12:59
0
©izvestia.ru
©izvestia.ru

Қазақстанның Бас прокуратурасы Германияға контрабанда үшін сотталған қазақстандық екі дипломатты отандарына экстрадициялау туралы сұрау жолдады, бірақ әзірше жауап алынған жоқ, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дипломатиялық арналар бойынша ГФР Әділет министрлігіне аталған азаматтарды жазасын одан әрі Қазақстан аумағында өтеуі үшін елге жіберу туралы сұрау жолдады", - делінген ведомстводан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің сауалына қайтарылған жауапта.

"Қазіргі уақытқа дейін Германия тарапынан біздің атымызға жауап түсе қоймады", - деді Бас прокуратура өкілдері. 

Бұған дейін 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы Ахат Алпысбаев пен оның әріптесі Қайрат Адыров Германияда темекі контрабандасын жасады деген күдікпен тұтқынға алынған болатын. 2014 жылдың сәуір айында дипломаттар екі жыл сегіз айға сотталды. Шілде айында сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов ҚР Сыртқы істер министрлігі оларды Қазақстанға экстрадициялауға тырысады деп мәлімдеді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай