Германиядағы "Болашақ" стипендиясы иегерлері Қазақстанға қызмет етуге уәде берді

30 Қаңтар 2015, 11:37
0
Германиядағы "Болашақ" стипендиясы иегерлері Қазақстанға қызмет етуге уәде берді - ©ҚР СІМ баспасөз қызметі
©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Германияда "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық жастар кейін елге келіп қызмет етуге уәде берді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары - ҚР Президентінің Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі арнайы өкілі Дариға Назарбаеваның Берлинде қазақстандық студенттермен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дариға Назарбаева кездесу барысында болашақ мамандарға жастар саясатының өзекті аспектілері, еңбекпен қамту нарығы және Қазақстандағы жас мамандарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімет берді. "Кездесу кезінде Елбасы дайындаған "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының тұрғысынан біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөліне ерекше орын берілді. Өз кезегінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жоғары үздік оқу орындарында білім алуға берген мүмкіншіліктер үшін мемлекетке өздерінің алғыстарын айтып, алған білімдерін Отанда қолдануға берік ниеттерін білдірді", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі арнайы өкілі Дариға Назарбаеваның Германияға жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Дариға Назарбаева Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельге Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын жылжыту жөніндегі жолдауын тапсырды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай