18 қараша 2014 19:07

Граната жарылған алғашқы әскери дайындық кабинетінің фотосуреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясы Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық кабинетінде граната жарылғаннан кейінгі фотосуреттерге қол жеткізді.


Tengrinews.kz редакциясы Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық кабинетінде граната жарылғаннан кейінгі фотосуреттерге қол жеткізді.

Сән және дизайн колледжінде граната жарылысы 17 қараша күні 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағында болды. Төтенше оқиға кезінде алған жарақаты салдарынан 16 жастағы студент Светлана Яковлева қайтыс болды. Кеудесі мен басына жарықшақ тиген, контузияға ұшыраған 12 адам ауруханаға түсті. Жансақтау бөліміндегі үш пациент тынысалу аппаратынан ажыратылды, қалған екеуі әлі де аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. Бұған қоса, тағы жеті адам жарақат, нейрохирургия, хирургия бөлімдерінде.

Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Әскери гранатаның жарылу себебін анықтаумен прокуратура, әскери прокуратура және ішкі істер департаменті мамандары айналысып жатыр.

Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 17 қараша күні кешкісін уақытша ұстау изоляторына қамалды. 18 қараша күні брифингте полицейлер оның жарылыс кезінде кабинетте болғанын хабарлады. Қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр, бұлтартпау шарасын белгілеу үшін 72 сағат ішінде мұғалім сотқа беріледі. Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, ұсталған 1967 жылғы мұғалім іс жүргізу тәртібіне сай жауап беріп жатыр. Тергеудің аясында жарылғыш заттың қайдан алынғаны мен кімге тиесілі екені анықталатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети