28 қараша 2014 16:52

Граната жарылысынан зардап шеккен студенттер шипажайға жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыдағы сән және дизайн колледжінің жарылыстан зардап шеккен студенттері қайта қалпына келу үшін шипажайға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Манас Рамазановқа сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 17 қарашада алғашқы әскери дайындық сабағында жарылыс болған еді.


Алматыдағы сән және дизайн колледжінің жарылыстан зардап шеккен студенттері қайта қалпына келу үшін шипажайға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Манас Рамазановқа сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 17 қарашада алғашқы әскери дайындық сабағында жарылыс болған еді.

"Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету орталығына 12 науқас келіп түсті, тағы да екі адам есту қабілеті нашарлап, №5 қалалық ауруханаға өз қалауымен түсті. Бүгінде 14 науқастың граната жарылуынан ауыр жарақат алған үшеуі ауруханада", - деп хабарлады Рамазанов. Оның айтуынша, зардап шеккендердің біреуі жедел шұғыл көмек көрсету орталығынан көзінің зақымдануына байланысты Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтты.

"Тағы бір науқас есту қабілетінің нашарлауына байланысты №5 ауруханаға өз еріктерімен келген тағы еку студентпен бірге "Алматы" шипажайына ауыстырылды. Ауруханадан шығарылған барлық науқас реабилитациялық терапия курстарын алу үшін "Алматы" шипажайына ауыстырылып жатыр, бұл шипажай - нейрореабилитация, яғни жүйке жүйесі бұзылған науқастарға көмек көрсететін орын", - деді басқарма басшысының орынбасары. Оның айтуынша, гранатаның жарылуынан зардап шеккен студенттер ол жақта медикаментозды ем алып, барлық қажетті физипроцедуралардан өтеді. Ем қабылдау курсы 20 күнге созылады. 

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети