20 қараша 2014 16:35

Граната жарылысынан зардап шеккен тағы үш адам дәрігерлерге көрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

Алматыдағы колледже болған жарылыстан зардап шеккен бес адамның үшеуі жансақтау бөлімінен хирургияға ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы брифингте денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жанат Қасымжанова хабарлады. Граната жарылған жерде 12 бригада жұмыс істеді. Қасымжанованың мәліметінше, Жедел медициналық жәрдем ауруханасына он екі адам түсті. Барлығы да есеңгіреп қалған. Жарақат алған студенттердің ата-анасына да психологиялық жәрдем қажет болыпты.

Қасымжанованың мәліметінше, жарақаттанған тағы үш адам ауруханаға өз беттерімен қаралған. "Екі науқас коклеарлы неврит ауруымен №5 қалалық ауруханада жатыр. Бұл - есту мүшесінің зақымдануы. Олардың жағдайы - орташа деңгейде. Бір науқас№7 қалалық аурухананың амбулаторлық бақылауында. Хирургтер он рет өте күрделі операция жасады. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде үш науқас жатыр. Оның біреуі нейрохирургиялық бөлімшеге ауысуға дайындалып жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты. Яғни жансақтау бөлімінде екі науқас қалады. Олар өкпеге ауа өткізетін жасанды вентиляция аппаратында, - деді ол.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің 80 пайызының көру және есту қабілеттері уақытша нашарлаған. Дәрігерлердің айтуынша, қайта қалпына келеді. Қасымжанованың айтуынша, бір науқас көру қабілетініне ішінара айырылған. "Көру қабілеті сақталады, бірақ толықтай емделмейді. Көз институтының қызметкерлері қолдан келгенінше көмектесуге тырысып жатыр", - деді ол. Қасымжанова гранатаның жарылуынан зардап шеккендер ем алған соң қайта қалпына келу үшін "Алматы" демалыс орнына жіберілетінін айтты. Еске сала кетейік, 18 қарашада жансақтау бөлімінде бес адамның жатқаны жайлы хабарланған болатын. Олардың жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, жарақат алғандармен қаланың жетекші дәрігерлері жұмыс істеп жатыр: нейрохирургтер, тамыр аурулары дәрігерлері, лор-дәрігерлер, невропатоогтар және психологтар.

Еске сала кетейік, гранатаның жарылуынан студенттердің бассүйек-ми жабық жарақаты, жарықшақ тию, мидың шайқалуы, кеудедегі ойық жарасы, көз ұяшығының зақымы, талақтың жыртылуы сияқты көптеген зақым алуына әкеп соқты. Оқиға 17 қарашада Алматы сән және дизайн колледжінде сағат 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болды. Жарылыстан алған жарақаттан 16 жастағы Светлана Яковлева қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети