24 шілде 2014 13:40

"Гульнар тур" фирмасына қарсы талап арыз берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Veters.kz ©Veters.kz

Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы "Гульнар тур" компаниясына қарсы талап арыз берді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғамдық ұйымның заңгері Гүлмира Алпысбаева айтты.


Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы "Гульнар тур" компаниясына қарсы талап арыз берді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғамдық ұйымның заңгері Гүлмира Алпысбаева айтты.

Лига талап арызды "анықталмаған адамдар тобы" атынан берген, олар - "Гульнар тур" компаниясының қоғамдық ұйымға шағымданған клиенттері. Тұтынушылар лигасына барлығы 200-ден астам шағым келіп түскен. Заңгердің айтуынша, қоғамдық ұйым өз талап арызында келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған туркомпанияның әрекетін заңсыз деп тануды талап етеді. 

Алпысбаева егер сот тиісті қаулы шығарса, турфирма әрекетінен зардап шеккен өзге туристерге де өз құқығын қорғап, материалдық және моральдық шығын талап етудің жеңілдей түсетінін айтты. Компанияның азаматтарға келтірген шығынының 30 млн теңге екені белгілі.

Бұрын тұтынушылар лигасының Көлік және коммуникация министрлігі мен Бас прокуратураға Atlas Jet түрік әуе компаниясының қызметін тексеру жөнінде шағымданғаны хабарланған болатын. Алпысбаеваның айтуынша, "Гульнар турдың" түрік әріптесі Түркиядан Қазақстанға және кері қарай рейстер орындауды тоқтатып, заңды бұзған. Халықаралық келісімге сәйкес, әуе компаниясы қызмет ақысын төлеу расталмағанның өзінде өз міндеттемелерін орындауы керек болған. Кейін Atlas Jet-тің Түркиядан Алматыға қатынайтын рейстерін 25 шілдеде жандандыратыны жария етілді.

Еске сала кетейік, "Гульнар тур" фирмасы төңірегіндегі даудың кесірінен 11 мың қазақстандықтың жазғы демалысының бұзылу қаупі туған еді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірше турфирма жетекшісінің қайда жүргені беймәлім. Оның жалған құжаттармен шетел асып кетуі мүмкін деген жорамал айтылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети