10 сәуір 2019 17:06

Гүлшара Әбдіхалықова Шымкентте 11 көпбалалы отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың басшылығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтан құралған үкіметтік жұмыс тобы Шымкент қаласына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 


Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың басшылығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтан құралған үкіметтік жұмыс тобы Шымкент қаласына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Ең алдымен, жұмыс тобы көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының қызметкерлерімен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Кездесуді ашқан Гүлшара Әбдіхалықова халыққа Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша үкіметтік топтың міндеттері туралы хабарлады. Ол бұл жұмыс тобы барған тоғызыншы өңір екенін атап өтті және барлық облыстарда халық мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатына түсіністікпен қарап, қолдау білдіретінін айтты.

Кездесу барысында жұмыс тобының мүшелері өз бағыттары бойынша презентациялар жасады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өнімді жұмыспен қамтуды дамытуға, жеке бизнеті ашуға жәрдемдесуге, жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге көңіл бөле отырып, әлеуметтік қолдау шаралары туралы әңгімелеп берді.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова аудиторияға білім беру жүйесін жетілдіру шаралары, білім беру қызметкерлерінің жалақысының 1 маусымнан бастап 30 пайызға дейін артатыны және қоғамдағы мұғалімдердің рөлін арттыру туралы ақпарат берді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева медициналық қызметтердің сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту мәселелеріне тоқталды.

Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов жалдамалы тұрғын үй салу және бөлу мәселелеріне тоқталып, тұрғын үй заемдарының жеңілдікті механизмін атап айтты.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г. Кұрманбекова Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік жобалар туралы әңгімеледі. Осылайша, Шымкентте халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 2019 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 100 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның 30-ы - тұрғын үй құрылысы, 15-і - білім саласы, 36-ы - инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту, 19-ы - көлік инфрақұрылымы бойынша. Оларды орындау нәтижесінде 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан өзге, мамырда "Мейірім.KZ" қайырымдылық порталы, "Шапағат", "Белсенді ұзақ өмір сүру" мүгедектерді қолдау орталығы, "Ел-көмек" әлеуметтік электронды порталы іске қосылады. Сондай-ақ, жыл сайын 1 қыркүйекке қарай 5 мың аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 40 АЕК сомасында бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Биыл олар 101 мың теңгеден алады.

Кездесу кезінде жұмыс тобының мүшелері залдағы қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова 11 көп балалы отбасыға "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Күннің екінші жартысында үкіметтік топ Түркістан облысына шықты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети