25 маусым 2019 18:06

Гүлшара Әбдіхалықова ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы 25 маусымда Парижде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісімге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құрылымды ЮНЕСКО аясындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы негізінде құру жоспарлануда. Тиісті отандық бастама 2017 жылы қарашада Ұйымның 39-шы Бас конференциясында мақұлданған болатын.

Орталықтың міндеттері Орталық Азияда және басқа да өңірлерде мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, басылымдар дайындау, конференциялар ұйымдастыру және ағарту жұмыстарын атқару болып табылады.

Одри Азуле ЮНЕСКО қызметіне Қазақстанның елеулі үлесін атап өтіп, жаңа орталық мәдениетаралық диалогтың өңірлік және әлемдік деңгейде ілгерілеуіне өзінің оң септігін тигізетініне сенімін жеткізді.

Қол қою рәсімінен кейін өткен кездесу барысында вице-премьер сұхбаттасын Қазақстандағы президенттік сайлаудың нәтижелерін, жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы және ішкі саясатындағы басымдықтары және олардың Елбасы Н. Назарбаевтың бағытымен сабақтастығы, еліміздегі "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын, "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының басым бағыттарын және Жастар жылы шеңберіндегі шаралардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Гүлшара Әбдіқалықова Одри Азулені Түркістан қаласының дамуы туралы және мемлекетіміздің тиісті жобаларды жүзеге асыруда олардың Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің Дүниежүзілік мұра мәртебесін ескере отырып, тарих пен мәдениеттің айтулы ескерткіштерін қорғаудағы халықаралық стандарттарға сәйкес болуына барынша міндеттілігін сендірді.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары ЮНЕСКО-ның Бас директорын келесі жылы ұйымның штаб-пәтерінде қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау бойынша халықаралық іс-шараларға қолдау көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде Одри Азуле Гүлшара Әбдіқалықоваға мазмұнды әңгіме үшін алғысын білдірді және жаһандық, өңірлік деңгейдегі Қазақстанның үлесін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети