Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады

13 Сәуір 2014, 13:02
2
Владимир Штыгашев. ©Хakac.info
Владимир Штыгашев. ©Хakac.info

Хакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы жайлы пікірге қатысты қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Шанс online".

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жеткізген менің ой-толғамдарымның екіұдай түсініктің қалыптасуына себеп болғанына қатты өкінемін. Мен үлкен көпұлтты тату ұжымы бар балалар үйінде өстім. Бұл соғыстан кейінгі жылдар еді. Менің түрлі ұлттан достарым пайда болды, олармен әлі күнге дейін байланыстамын. Біз әрқашан тіл табыса білдік және бір-біріміздің тамырымызды құрметтей білдік", - дейді Штыгашев.

Ол Ресей империясының, кейін КСРО шекарасының тарих қатпарында қалай өзгергені туралы өз ойларының басқаша жеткізілгеніне қатты таңданғанын айтты. "Мен ешқашан ешқандай елге, соның ішінде, Қазақстанға тарихи құқығымыз бен аумақтық таласымыз бары туралы айтқан емеспін. Ол - біздің көршілеріміз, біздің достарымыз және серіктеріміз. Менің пікірімнің дұрыс түсіндірілмегені және бауырлас халықтың наразылығы мен түсінбестік туғызғаны маған жағымсыз әсер қалдырды. Егер мен өз сөзіммен біреуді өкпелетсем, шын жүректен кешірім сұраймын", - деп мәлімдеді Штыгашев.

Еске салайық, бірқатар ресейлік БАҚ Хакас Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтің Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы бары туралы пікірі ретінде мына дәйексөзді келтірген болатын: ""Қазақстанның аумағы кішкентай болатын, Есіл облысының (Омбы облысы) бір бөлігін беру туралы шешім қабылданды. Берілді де, Қарағанды құрылды. Бұл - 1936 жыл, жуырда ғана. Біз Қазақстанға барлығы бес облысты бердік, содан кейін Қазақ АКСР-і КСР деп қайта аталды. Бұл аумақтар айырбас бақыры сияқты берілді. (...) ТМД шеңберінде шекараны демаркациялау жылдам жүргізілмеді, неге? Өйткені халықтардың елді қалпына келтіру ниеті туындауы мүмкін еді".

Бірақ кейін Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі аппарат жетекшісінің орынбасары, кеңестің Ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Олег Николаев журналистердің Штыгашевтің пікірін дұрыс жеткізбегенін айтты. "Жоғарғы кеңес төрағасының сөзінде біреудің аумағына, атап айтқанда, Қазақстанның аумағына қатысты қандай да бір тарихи немесе басқа да құқық туралы айтылмағанын атап өткім келеді", - деді ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде РФ ресми өкілдерінің орынсыз пікірлерінің жиі айтылып кетуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, Ресей елшісін соңғы жайтқа қатысты түсініктеме беруге шақыртты. Кейін РФ Сыртқы істер министрлігі бұл туралы ресми ұстанымын жария етіп, аймақтардағы жекелеген саясаткерлердің пікірін қазақ-орыс тарихи қарым-қатынасы тұрғысынан жауапсыздық деп атады.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай