Халық банкі Qazkom банкімен алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты пікір білдірді

20 Қаңтар 2017, 17:49
0
Халық банкі Qazkom банкімен алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты пікір білдірді - © ztgzt.kz
© ztgzt.kz

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ өкілдері қазіргі уақытта келісім өткен жағдайдың өзінде әлеуетті мәміленің шарттары жайлы айту әлі ерте екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі - Халық банкі) "Қазкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі - ҚКБ) және ҚКБ-ның мажоритарлық акционері арасындағы әлеуетті мәміле бойынша алдын ала талқылануына енгендігін мәлімдейді. Қазіргі уақытта келісім өткен жағдайдың өзінде әлеуетті мәміленің шарттары жайлы айту әлі ерте", - деді банктің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Халық банкінің халықаралық стандарттарға сәйкес, келісімнің коммерциялық әділ шарттармен өткізілуін және мәміле Халық банкі акционерлерін және де басқада мүдделілердің ескеру қағидаларын ұстану мәселесін қарастыратыны жайлы айтылады.

Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді.

"Халық банкі" АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ", - деген еді Чикин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай