21 тамыз 2014 16:47

Халық банкінің ақша жымқырған қызметкерлерінің үкімі жұмсартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Халық банкінің бұрынғы қызметкерлерінің үкімі жұмсартылды, - деп хабарлайды "Актау-бизнес". Банктің кассалық қайта есептеу бөлімінің бұрынғы басшысы Жанелқан Айдарова енді тоғыз жылға емес, сегіз жылға бас бостандығынан айырылады. Еске сала кетейік, миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған "Қазақстанның Халық банкі" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлерінің ісі бойынша сот отырысы мамыр айының басында өткен болатын.

Айдарова өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп, талан-таражға салғаны үшін айыпты деп танылды. Сот Халық банкінің бұрынғы жетекші кассирі Галина Гуреновичтің үкімін жеңілдетті. Апелляциялық сот отырысында оның жалпы режимдегі колонияда жаза өтеу мерзімін қысқартуға шешім қабылданды.

Соттың қаулысымен сотталушылардың мүлкін тәркілеуге қатысты тармақтар да ішінара өзгертілді. Жанелқан Айдаровадан мемлекет пайдасына Ақтаудың ықшамаудандарының біріндегі пәтердің жартысы тәркіленетін болды. Соттың үкімімен операциялар басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Гүлнәр Меңдәлиевадан пәтері мен автокөлігі тәркіленді. Жаза өтеу мерзімі бұрынғысынша тоғыз жыл күйінде қалады.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың қазан айында ревизия барысында "Қазақстанның Халық банкі" филиалынан миллиард теңгеге жуық қаражаттың жетіспейтіні анықталды. Тергеу кезінде 156 млн теңге қайтарылды, төрт автокөлік пен жалпы құны 120 млн теңге болатын сегіз пәтер тергеудің қарауына алынды. Негізгі сот отырысында сотталушылардың банк қаражатын алты жыл бойы жымқырып келгені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети