04 қыркүйек 2018 11:40

Халық сапалы медициналық көмекті алмай жатыр - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев медициналық қызметкерлерді халыққа барынша жақын етуге және тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында кішігірім емханаларды ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев медициналық қызметкерлерді халыққа барынша жақын етуге және тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында кішігірім емханаларды ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытып жатырмыз. Алайда халық әлі күнге дейін сапалы медициналық көмекті алып жатқан жоқ, әсіресе, ауылдық өңірлрді. Мұның себептері де белігілі, министр өзі айтып өткен болатын. Жалпы медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру бойынша қандай шаралар жүргізлетіні анықталды. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне өңірлермен біріге отырып, осы шараларды тиімді жүзеге асыруды тапсырамын", - деді Сағынтаев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, премьер-министр Астана әкімдігінің тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында кішігірм емханалар ашу туралы бастамасын мақтады.

"Исекешев жаңа ғана жақсы хабар айтты. (...) Бірінші кезекте жаңадан салынған көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарында кішігірім емханалар болуы керек. Меніңше, мұндай өзгерістер барлық облысқа енгізілуі тиіс. Асқар Ұзақбайұды, (премьер-министрдің орынбасары Мамин - автор.) үйлердің жобасы дайындалған кезде бірінші қабаттарда балабақшалар мен емханаларды салу мәселесін ұмытпау керек", - деді Сағынтаев.

Бұдан бөлек Бақытжан Сағынтаев халық арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети