18 наурыз 2015 15:07

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы EXPO-2017 нысандарын көріп шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Висенте Лоссерталес пен Талғат Ермегияев. ©expo2017astana.com Висенте Лоссерталес пен Талғат Ермегияев. ©expo2017astana.com

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 нысандарын көріп шықпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 18 наурызда Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысының Астанаға ресми сапары басталады.


Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 нысандарын көріп шықпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 18 наурызда Халықаралық көрмелер бюросы бас хатшысының Астанаға ресми сапары басталады.

Лоссерталес көрме кешенін салу барысымен танысып, ұлттық компания өкілдерінің көрмеге дайындық барысы туралы есебін тыңдайды. Сонымен қатар, ол "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездеседі.

"Ұлттық компания бірқатар таныстырылымдарды дайындап отыр, оның барысында алда келе жатқан көрме тақырыптық павильондарының сипаттамасы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларды тарту барысы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, бас хатшы EXPO-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде өткізілетін бұқаралық іс-шаралар мен маркетинг мәселелерін талқылауға қатысады", - делінген хабарламада.

Бас хатшы екікүндік сапары шеңберінде бірқатар ресми кездесулерді өткізеді, атап айтқанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездеседі. Тексеріс қорытындысы бойынша 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде Висенте Лоссерталес, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, EXPO-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың қатысуымен брифинг өтеді.

Айта кетейік, Висенте Лоссерталес 1994 жылдан бастап ХКБ бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол көрме құрылысының барысымен танысу үшін Астанаға жылына екі рет келеді және бұл жолғысы бесінші сапар болмақ. 2014 жылдың қазанында өткен алдыңғы сапары аясында Лоссерталес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Елбасымен кездесу кезінде ол көрмеге дайындық барысы ойдағыдай өтіп жатқанын атап өтіп, "тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр" деп айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети