30 желтоқсан 2014 19:12

Халыққа қызмет көрсету орталығы клиенттері өз портреттеріне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ ©СТВ

Жаңа жыл қарсаңында Алматы мен Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерге тосын сый әзірледі, орталықта суретші тегін қызмет көрсетті, ол мұнда келгендердің портретін салып берді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.


Жаңа жыл қарсаңында Алматы мен Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерге тосын сый әзірледі, орталықта суретші тегін қызмет көрсетті, ол мұнда келгендердің портретін салып берді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Күн бойы кез келген адам маманға кезекке тұру кезінде суретшіге суретін салдыра алды. Бір күн ішінде суретшілер кенепке халыққа қызмет көрсету орталығының ондаған клиентін салып үлгерді. Келушілердің қалауы бойынша ол портреттер, карикатуралар мен ашықхаттарды салды. Суретшіге ересектер де, балалар да кезекке тұрды. Дайын жұмысты тегін алуға мүмкіндік берілді.  

Айта кетейік, мерекелік шаралар Алматы мен Астана ХҚКО-ларында 24 желтоқсанда басталды. Сонымен қатар, қызметкерлер онлайн жүйеде кезекке тіркелгендерге немесе мекемеге өз туған күнінде келген клиенттерге сыйлықтар дайындаған. Мұнымен бірге, бөлімшелерде электронды үкімет порталын қолдану үшін картридерлерді тегін алуға мүмкіндік болды. Бұл үшін клиенттің кезекке тұру талонында 015 саны болуы керек. "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының директоры Жамал Баймұхамбетованың айтуынша, сыйлықтар мен құттықтаулар Жаңа жыл қарсаңында ғана болмайды, сонымен қатар, әдеттегі күндерде де болады, ал қаңтарда ХҚКО клиенттеріне тағы да басқа тосын сый дайындап отыр.

Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы суретшілердің туындылары:

Бұған дейін Алматы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа үлгідегі куәліктердің беріле бастағаны хабарланған болатын. Қаладағы мекемелер алты мыңға жуық жаңа құжат беріп үлгерді. Жаңа куәліктің дизайны алдыңғы моделіне ұқсайды. Басты ерекшелігі - түрлі-түсті фотография. Құжаттың тағы да бір өзгешелігі қарпінің ірілігінде. Жеке идентификациялық нөмір мен азаматтың қолтаңбасы ірі болып көрсетілген. Оның жоғары оң жақ бөлігінде азаматтың суретінің үлкейтілген голографиялық бейнесі тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети