20 ақпан 2014 12:11

"Хан Шатырынан" адамдар шұғыл сыртқа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Астанада "Хан Шатыры" сауда - ойын-сауық орталығында өрт сөндіру тактикалық жаттығу өтіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желі қолданушылары ірі сауда орталығында адамдардың шұғыл көшіріліп жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын. Олардың айтуынша, "Хан Шатыры" маңында "Жедел жәрдем" көліктері мен өртсөндіргіш техникалар тұр. Алайда Астана қалалық ТЖД мамандары мұның жай ғана жаттығу екенін айтып, тұрғындар мен қала қонақтарын сабырға шақырып отыр. "Бұл - жоспарлы тактикалық жаттығу. Оған қанша техниканың тартылғаны қазір нақтыланып жатыр. Адамдарды шұғыл көшіру де - осы жаттығу аясындағы шара", - дейді мамандар. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жаттығу сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети