01 ақпан 2020 10:42

ХҚКО-лар ЕАЭО елдерінен жеткізілген көліктерді уақытша тіркеу үшін жексенбіде жұмыс істейді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 ақпаннан бастап Қазақстанда ЕАЭО елдерінен жеткізілген автокөліктерді уақытша тіркеу акциясы басталды. Осы айда еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лары демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдеумен айналысады, - деп хабарлайды Kolesa.kz.


1 ақпаннан бастап Қазақстанда ЕАЭО елдерінен жеткізілген автокөліктерді уақытша тіркеу акциясы басталды. Осы айда еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лары демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдеумен айналысады, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Көлігін уақытша тіркеуі керек қазақстандықтарға бір ай ішінде барлық қажетті процедурадан өтуге мүмкіндік беру үшін мекеменің жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылданған.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәртібі 1-29 ақпан аралығында бұрынғыша сақталады - 9.00-ден 20.00-ге дейін, қосымша жексенбі қосылды, ол күндері мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында тек ЕАЭО елдерінен келген көліктерді уақытша тіркеуді рәсімдейді. Ал жүргізуші куәлігін беру, қазақстандық автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу сынды қызметтер көрсетілмейді.

Уақытша тіркеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу төлемінің, мемлекеттік нөмір және техникалық төлқұжатты дайындағаны үшін баж төлегені туралы түбіртек.

Уақытша тіркеуден кейін қазақстандықтар кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын бір жыл ішінде төлей алады.

Мұндай көлік иелеріне 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір беріледі, ал техникалық төлқұжатта көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети