27 қараша 2018 13:53

Хоббиттер үйі, аквапарк. Шымкент әкімі жаңа Диснейленд жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада салынып жатқан Диснейленд пен Цитадельде келушілер не көре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада салынып жатқан Диснейленд пен Цитадельде келушілер не көре алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз шымкенттік Диснейленд пен аквапарктың құрылысын бастадық. Менің ойымша, Шымкентте ғана осындай ірі аквапарк салуға болады, 3-4 ай бойы еркін шомылып, шетелге шықпай-ақ қоюға болады", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

"Диснейлендте "Хоббиттер үйі" деген қонақүй болады. Сіз кішкентай есіктен кіресіз, алайда онда үлкен бөлме болады. Бұл балалар үшін өте қызықты болатыны сөзсіз", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Әбдірахымов шымкенттік Цитадель жобасы жайлы айтты.

"Қазақстанда ешбір қалада Шымкенттегідей Цитадель жоқ. Біз екі жыл бұрын қазба жұмыстарын жүргіздік, онда тек төбешік болатын, адамдар үй соға бастаған. 2020 жылы онда ашық аспан астындағы музей ашылады. Біздің және басқа да елдердің азаматтары осы цитадельді көргісі келеді, онда тек 5-6 зеңбірек таптық, біз оларды көрмеге қоямыз", - деді әкім. 

Айта кетейік, 2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала болды, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгеріп, орталығы Түркістан қаласы болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети