Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

ХОК мүшелері Олимпиада өтетін қалаға бірінші реткі сайлауда дауыс бере алмады

31 Шілде 2015, 15:09
0

Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелері 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиадасының және XIII Паралимпиада ойындарының астанасын таңдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенконың айтуынша, ХОК мүшелері екі рет дауыс берген.

"Міне, бітті. ХОК таңдау жасады. Бір сағаттан кейін қорытынды жария болады. Алға, Алматы!", - деп жазды Василенко Twitter желісінде, кейін ол қайта дауыс берудің болатынын хабарлады.

"Мәссаған! Себебі планшетпен дауыс беріпті және ХОК мүшелерінің бірі дауыс берудің әділ (integrity) өтуіне ниет білдіріпті, қайта дауыс беріледі!!!", - деп жазды ол. Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының өкілі қайта дауыс беру рәсімінің қағазға жазу арқылы өтетінін айтты. "Дауыс беру ашық түрде өтіп жатыр, ХОК мүшелері бірге және айнала отыр, барлық жерде камера орнатылған. Бұл сонда құпия дауыс беру ме? Бөлмелер қайда? Әйнек жәшіктер қайда?", - деді Василенко.

Астана уақыты бойынша, Куала-Лумпурде 15.00-де 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы жария болады. Басты үміткерлер - Алматы (Қазақстан) және Бейжің (Қытай).


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай