Хореограф Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі болды

12 Қыркүйек, 14:50
0
Хореограф Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі болды - Әлия Шалхарова. Сурет әлеуметтік желіден
Әлия Шалхарова. Сурет әлеуметтік желіден

Әлия Шалхарова Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Отырар" порталына сілтеме жасап.

Шалхарова Әлия Богданқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы педагог-хореограф, психология пәнінің ұстазы, психолог, экономист.

Еңбек жолын 1998 жылы Мәдениет және өнерді дамыту Қорының хореографиялық ұжым басшысы болып бастаған. 2016-2018 жылдары ОҚО бойынша Мәдениет басқармасының "Түркістан Сарайы" МКК-ң концерттік мекеме директоры қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы болған.

2006 жылы "Екі ел арасында қарым-қатынас және өнерді дамытуға қосқан үлесі" үшін Өзбекстан Республикасының "Хадықтар Достығы" орденімен марапатталған. 2018 жылы "Облыс мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі медалінің иегері. 2018 жылы "Ерен еңбегі үшін" Мемлекеттік медалімен марапатталған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай