Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Христенко Елбасыға Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың әзірлену барысы туралы баяндады

25 Сәуір 2014, 19:17
0
Виктор Христенкомен кездесу. Фото akorda.kz сайтынан алынды
Виктор Христенкомен кездесу. Фото akorda.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың әзірлену барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Кездесу кезінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Минскіде өтетін алдағы отырысының күн тәртібінің негізгі мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті мемлекет басшыларының жоспарланған кездесуінің маңыздылығын, онда интеграциялық құрылымдар аясында бұдан арғы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасу өтетінін атап өтті.

Бұған қоса В.Христенко Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ комиссияның өз сарапшыларының үлкен тобы жұмыс жүргізіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың әзірлену барысы туралы да  баяндады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай