iKomek орталығының тәжірибесін республиканың барлық өңірлеріне кеңінен тарату қажет - Президент

22 Мамыр, 11:32
0
iKomek орталығының тәжірибесін республиканың барлық өңірлеріне кеңінен тарату қажет - Президент - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «iKomek» қоғамдық қабылдау жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына "109 Call-орталығы" бірыңғай байланыс орталығының жұмысы және "Ашық әкімдік" жобасының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мониторинг және шұғыл әрекет ету ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше iKomek орталығының тәжірибесін республиканың барлық өңірлеріне кеңінен тарату қажет.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму саласына қосқан үлесі үшін "Милх" ЖШС-нің директоры Сергей Блокты, Рудный қаласы ауруханасының бас дәрігері Талғат Қайкеновты, "Алюминстрой" ЖШС-нің директоры Абай Мұқановты, "ГРИН" Қостанай облысы азаматтық альянсы" қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаеваны және білім беру саласының ардагері Станислав Щегельскаяны алғыс хаттармен марапаттады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай