18 қаңтар 2020 14:24

IATA Bek Air компаниясынан арнайы кодын қайтарып алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air-ден кодын қайтарып алды. Бұл туралы қазақстандық авиакомпания сайтында жарияланған IATA хатында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air-ден кодын қайтарып алды. Бұл туралы қазақстандық авиакомпания сайтында жарияланған IATA хатында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Компания кодқа ие болу үшін IATA талаптарына сәйкес келмейтінін өкінішпен хабарлаймыз", - делінген хатта.

Әуе компаниясының IATA алдындағы кез келген өтелмеген қарыздары тексеріліп, талаптарға сәйкестігі, ақы төлеу немесе қайта есептеу алымдары қаралса 60 күнде код берілуі мүмкін.

IATA коды - халықаралық әуе көлігі қауымдастығының авиакомпанияларға беретін екі немесе үш таңбалы жеке идентификаторы. Кодтарды авиакомпаниялар, билеттерді сату жөніндегі агенттік, билеттерді броньдау жүйелері және жолаушылар авиациялық тасымалдау саласындағы коммерциялық қызметке байланысты ақпараттар беру үшін өзге де кәсіпорындар пайдаланады.

Бұрынғы КСРО елдерінде IATA әуекомпанияларының кодтарымен қатар тасымалдаушы авиакомпанияларды кодтаудың ішкі жүйесі қолданылады.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастаған еді. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған болатын. Кейінірек Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан еді.

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы - әуе кемесіне мұз қатуы. Бұған дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс Bek Air әуекомпаниясының алдағы уақытта жұмыс істеу-істемеуі туралы шешімді 20 қаңтарда жариялайтынын хабарлаған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети