29 қазан 2019 12:30

"Игі істі жоқ қылдыңдар". Президент Алматы әкімінің орынбасарына сөгіс жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбеде кесілген алма көшеттері үшін cөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа Көк-Төбеде кесілген алма көшеттері үшін cөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Швейцарияда үш жыл жұмыс істеуіме тура келді. Онда ағаштарды заңсыз кесу, тіпті бір ағашты кесіп тастау ауыр қылмыс болып саналады, себебі ол - бүкіл халықтың ортақ мүлігі. Көк-Төбедегі алма көшеттері сын көтермейді. Осыған байланысты әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Игі істі жоқ қылдыңдар. Осы іске кіріссең - жасау керек. Қолыңнан келмесе, кіріспе", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, мұның алдында Президент Көк-Жайлауда тау-шаңғы шипажайын салу жобасына қатысты пікір білдірген болатын. "Қайтадан осы мәселеге оралмау үшін мен бүгін осы жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни Көк-Жаулауда тау-шаңғы шипажайын салуға. Ол бізге керек емес", - деген еді Қасым Жомарт Тоқаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети