Конституциялық кеңестің экс-төрағасы Игорь Рогов Тұңғыш Президент қорының атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Конституциялық кеңестің экс-төрағасы Игорь Рогов Тұңғыш Президент қорының атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент қорының атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды", - делінген қордың хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент қоры - Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қор. Қор талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобаларды дамытуға, азаматтардың бастамаларына қолдау көрсетуге және бәсекеге қабілетті сараптау-талдау орталығын дамытуға бағытталған.
Ал Конституциялық кеңестің төрағасы болып Қайрат Мәми тағайындалған еді.