29 желтоқсан 2019 15:25

ИИДМ Алматы әуежайындағы жағдайды баяндады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сурет: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Алматы әуежайының кассаларындағы дүрлікпе жайлы ақпаратқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы әуежайының кассаларындағы дүрлікпе жайлы ақпаратқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолданушыларының арасында Алматы әуежайындағы кассалардың айналасында жиналған адамдар дүрлігіп жатқаны туралы ақпарат пен бейнематериалдар тарап жатыр. Тұрғындарды әлеуметтік желілерден алынған жалған мәліметтерге сенбеуге, ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз. Әуежайлар мен кассалар билет сату бойынша штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайынан видео ұсынамыз", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ел әуежайларындағы және кассалардағы жағдай әуе айлақтары басшылығының, авиакомпаниялар мен құзыретті мемлекеттік органдардың бақылауында.

Жолаушылар қосымша ақпарат алу үшін келесі әуежай өкілдеріне хабарласа алады: Нұр-Сұлтан +77172777723, +77012140388, Алматы +77773701266.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети