18 қараша 2014 20:17

Ильинге Қызылордада жол талғамайтын көлік тарту етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды Фото Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді туған жері ерекше ықыласпен қарсы алды, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев чемпионға жол талғамайтын көліктің кілтін ұсынды. Ал жергілікті кәсіпорындардың бірі Ильинге Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындалуына демеушілік жасайтындарын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сен Елбасының және бүкіл елдің сенімін ақтадың. Біздің жүрегімізге мақтаныш сезімін орнаттың. Сен еліміздің жастарына үлгі көрсетіп, өзіндік бағыт-бағдар бере білдің", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Ильяны жеңісімен құттықтаған әкім оған көліктің кілтін тапсырды. Ал Ильяның жаттықтырушысы Тойшан Бектеміровке 10 мың доллардың сетификаты берілді.  

Ал аймақтағы "Қазгермұнай" АҚ директоры Кәрім Медет Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жаттығуына Ильяға демеушілік еткісі келетінін жеткізді.

Еске салайық, өткен демалыста қазақстандық Илья Ильин ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети