16 қараша 2015 11:27

Импортталған тауарларға "Қазақстанда жасалған" логотипі жапсырылған - ҰКП

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mir24.tv © mir24.tv

Импортталған тауарлардың кейбіріне "Қазақстанда жасалған" логотипі жапсырылған. Бұл туралды ОКҚ-да өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Импортталған тауарлардың кейбіріне "Қазақстанда жасалған" логотипі жапсырылған. Бұл туралды ОКҚ-да өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Өздеріңіз білетіндей, СТ-KZ сертификаты бар кәсіпорындардың бар екені, бірақ шын мәнінде олардың отандық тауар өндірумен айналыспайтыны туралы мәселе жиі қозғалды. Біз тамыз айынан бастап сол сертификаттардың аудиті бойынша жұмысты бастадық және біз аудиттеп, тексерген 95 кәсіпорынның қырығында ғана олар сертификатта көрсеткен қазақстандық өндіріс бар болып шықты. Сонымен қатар, елуден аса кәсіпорын отандық тауар өндірісімен айналысатынын растай алмады", - деді Әлтаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларда сертификаттар қайтарып алынды.

"Тіпті мынандай деректерге тап болдық, маңдайшасы бар, ешқандай өндірісі жоқтар бар. Олар импортталған тауарларға "Қазақстанда жасалған" деген логитипті жапсыра салған. Осылайша олар мемлекеттік органдардың сатып алуына қатысады. Бұл деректер бойынша қазір сертификаттар қайтарып алынып жатыр. Кейбір деректер бойынша біз материалдарды құқық қорғау органдарына жолдап жатырмыз. Шамамен төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ҰКП төрағасының орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети