13 желтоқсан 2019 10:48

Иракта ұлдарын құтқарамын деп қаза тапты. СІМ балалардың туыстарын іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Ирактағы екі баланың Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Ирактағы екі баланың Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ведомство балалардың туыстарын іздестіріп жатыр.

СІМ екінші хатшысы Данияр Байбековтің айтуынша, Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласында жарылыс кезінде келіншек екі баласын алып, балаларымен бірге далаға жүгіріп шыққан.

"Ол балаларын жүгіріп бара жатып, ұлдары мен барлық алтын бұйымын сондағы жасөспірім қыздардың біріне бере салған. Қыздан балаларға қарауын сұраған. Бірнеше сәттен соң жарылыс болған. Әйел қаза тауып, балалар жарақаттанған. Біреуі көзін жарақатап, онда із қалып қалды, ал екіншісінің қолында және аяғында бірнеше саусағы жоқ", - деді Данияр Байбеков.

Қазіргі уақытта балалар Бағдатта, балалар үйінде. Ешкіммен сөйлеспейді. Шамамен 3 және 4 жаста. Осы балаларды танығандар болса мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 72-01-64, 72-04-71 немесе 72-01-11.

Еске салайық, мұның алдында Ирактағы балалардың елге қайтарылатыны хабарланған еді. Елге қайтарылған 14 баланың ең үлкені 13-жаста, кішісі 2-де. "Ирак тарапы балаларды қайтаруға келісім беріп отыр. Біз жақын күндері оларды Қазақстанға алып келеміз. Енді бүлдіршіндерді ата-анасының қателігі үшін далада тастай алмаймыз ғой", - деген еді ҚР СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети