16 сәуір 2018 17:00

Исекешев әкімдіктің қызметтік көліктен қашан бас тартатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әсет Исекешев Астана әкімдігінің қызметкерлері жылдың орта тұсында қызметтік көліктерден бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әсет Исекешев Астана әкімдігінің қызметкерлері жылдың орта тұсында қызметтік көліктерден бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанадағы кәсіпкерлер конференциясында сөйлеген сөзінде Исекешев Астанадағы бизнестің жақсы дамып жатқанын атап өтті. 

"EXPO үлкен рөл атқарғаны белгілі. Қазір бизнестің жаңа көздерін ашу міндеті тұр. "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы бойынша 640 орын берілді, биыл тағы 150 алаң өткіземіз, мамырда бәссауда өтеді, блокчейн бойынша айшық жүргізіледі", - жейжі әкім. 

Ол мемлекеттік сатып алу саласын өкіметтің біртіндеп жеке бизнеске өткізіп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, қала басшысы әкімдік өкілдері қызметтік көліктен бас тартуды жоспарлап отырғанын да айтты. Мұның алдында әкім қызметтік көліктен бас тартып, такси пайдалану қалалық көлік компаниялардың қызметіне оң әсер ететінін мәлімдеген болатын. 

"Қалада бірнеше автопарк бар, бірақ, олар өз мойындарына жауапкершілкті толық ала алмайды. Біздің ең үлкен коммуналдық автопаркті де жекешелендіруге дайынбыз", - деді Әсет Исекешев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети