23 тамыз 2018 16:13

Исекешев астаналықтарды көмірді ертерек сатып алуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ves-novgorod.ru © ves-novgorod.ru

Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарын көмірді ертерек сатып алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарын көмірді ертерек сатып алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Астанада 7 көмір өнімін сатушы бар. ал 22 тамыздағы жағдай бойынша халықты қатты отынмен қамтудың қоры - 14 950 тонна. Көмір сататын орындар мен бағасы туралы барлық ақпаратты 109 номері арқылы білуге болады.     

Әсет Исекешевтің айтуынша, қала үшін қажетті отын дайын, оның ішінде көмір - 200 мың тоннадан аса, мазут - 6 мың тоннадан аса

"Жанар-жағармай қоры келесідегідей бөлінді: қатты отын - ЖЭО-1-ге 42 007 тонна берілді, ЖЭО-2 - 162 314 тонна. Мазут бойынша: ЖЭО-1 - 3 203 тонна, ЖЭО-2 - 3 036 тонна. Бұдан басқа, ЖЭО-1 мазуттың қосымша 5382 тонна қоры бар. Нормативтік 20 тәулікке жететін көмір қоры ЖЭО-1-де бүгінде бір күнге шаққанда 36 140 тоннаны құрайды, ал ЖЭО-2 - бұл көрсеткіш 185 420 тонна. Тұрғын үйлердің жылу маусымына дайындығы - 91 пайыз, әлеуметтік нысандар - 97 пайыз, мәдени нысандар - 100 пайыз", - деп келтірілген Исекешевтің сөзі.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуовтің мәліметінше, Астанада негізгі 7 көмір сатушы бар, ал халыққа қажетті жалпы көмірдің қоры 22 тамыздағы жағдай бойынша 14 950 тоннаны құрайды. Мәселен өткен жылы мамырдан 6 тамызға дейін Астанада (энергия көздерін қоспағанда) 28,8 мың тонна жеткізілсе, осы 2018 жылы осы уақыт аралығында 35,3 мың тонна жеткізілді, бұл 22,6 пайызға көп. 

Алайда Ербол Төлеуов көмірдің қоры көп екендігіне қарамастан астана тұрғындарының қатты отын сатып алуға асықпай, бұл істі кейінге қалдырып отырғанын айтты. «Астананың» көмірін сатып алушылар негізінен қаланың шет маңында тұратындар тұрғындар. 

"Күз-қыс кезеңінде көмір сатып алуға байланысты әлеуметтік кикілжің болып жатады. Бұл қатты отын пайдаланатын тұрғындардың күн суытқан кезде жаппай көмір сатып алуымен байланысты. Нәтижесінде біркелкі сатылым болмай шығып, кезек пен баға өсіп кетеді. Астанада 31 013 жеке үй бар, олар көмірге мұқтаж. "Алматы" ауданында - 6380, "Байқоңыр" ауданында - 4398, "Есіл" ауданында - 8530, "Сарыарқа" ауданында - 11 705", - деді Төлеуов.   

Әсет Исекешев профильді басқарманың басшысына осы мәселені бақылауға алуын, ірі көмір сатушылармен мұның алдын бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойылғандығын еске салды. 

"Біз көмір сататын ірі компаниялармен ертерек жиналып, осы мәселенің бәрін талқыладық. Қазір біз тағы да жиналып, бағаны өсіруге жол бермеуге және жеткізудің кестесін кешіктірмеу туралы келісімге қол қоямыз", - деді әкім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети