Исекешев жаңа спорт кешенін аралап көрді

16 Желтоқсан 2017, 17:32
0
Исекешев жаңа спорт кешенін аралап көрді -

Тәуелсіздік күнінде Астана қаласының әкімі жаңа спорт кешені мен балалар бақшасында болып қайтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Ең алдымен Әсет Исекешев Сауран 5/1 мекенжайы бойынша орналасқан №59 мектеп-лицейдің аумағындағы төбесі жабық футбол алаңын қарап шықты. МЖӘ бойынша инвестициялық жобаның аясында бой көтерген спорттық ғимараттың ауданы 2 296 шаршы метрді құрайды. 

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуына қарағанда, бұл елорда мектептерінің жанында орналасқан төбесі жабық жалғыз футбол алаңы. Мұнда №59 мектеп-лицейдің оқушылары ғана емес, жақын орналасқан тұрғын үй алқаптарының тұрғындары спортпен шұғылдана алады. 

Стадион барлық заманауи талаптарға сай келеді. Нысанның құрылысын "E&N business company" ЖШС жүргізген болатын. 

Әсет Исекешев ат басын тіреген келесі нысан - К.Әзірбаев, 12/1 мекенжайы бойынша орналасқан 240 орындық №93 "Айгөлек" балалар бақшасы. Бүлдіршіндер мұнда мемлекеттік және орыс тілінде білім алмақ. 

"Айгөлек" балалар бақшасы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен салынды. Балалар бақшасы 240 орынға лайықталған. Мұнда 80 тарта адам қызмет істейтін болады. 

Еске салайық, қазіргі таңда Астанада мектепке дейінгі білім беретін түрлі типтегі 327 мекеме бар. Жеке меншіктегі 175 балалар бақшасы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. 

2018 жылдың басында Астанада төрт балалар бақшасын ашу жоспарланған болатын. Олардың біреуі- мемлекеттік, үшеуі - МЖӘ аясында ашылуы тиіс балалар бақшасы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай