10 мамыр 2017 11:28

Исекешев қаланы аралап болған соң есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әсет Исекешев 10 мамырда қалада жүзеге асырылып жатқан бірнеше жобаны аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Астана әкімі Әсет Исекешев 10 мамырда қалада жүзеге асырылып жатқан бірнеше жобаны аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Кұлагер" тұрғын үй кешеніндегі №2 және №4 үйлердегі жол бойына дейінгі аумақта толықтай асфальт төселеді. Онда үлкен көлік тұрағы болады. Біз тұрғындармен жекеменшік пәтерлер кооперативі арқылы аулада шлагбаум орнатуға және онда көлік қоюға тыйым салу мәселесі жайлы келіскіміз келеді. Аулаларда балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын және кішігірім гүл бақтарын орнатамыз", - деп жазды қала әкімі.


© Facebook

Сондай-ақ, елорда әкімі тағы бір проблемалық мәселелердің бірі - кварталіші өтпе жолы жайлы айтып өтті.

"Биыл Есіл ауданында 18 өтпе жолын саламыз. Бүгін "Инфинити" тұрғын үй кешенінің маңында атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықтым. Мамыр айында барлық жол мен өтпе жолда асфальт төселетін болады. Сондай-ақ, маңызды жобалардың бірі - ені 4,5 метрге жететін жаяужолдың құрылысы. Ол Қабанбай көшесінің бойынан Сығанақ көшесінен бастап EXPO көрмесі аумағына дейін жетеді", - деді  Әсет Исекешев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети