09 желтоқсан 2016 15:37

Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана EXPO-2017" ҰК" АҚ © "Астана EXPO-2017" ҰК" АҚ

Астана әкімі Әсет Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астана әкімі Әсет Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың кезекті отырысында Әсет Исекешевке EXPO-2017 көрмесінің жаңа логотипі таныстырылды. Сонымен қатар, отырыста еріктілерді тарту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Жалпы қала басшысы әрбір қатысушыны өзі тыңдап, қажет болса, тапсырма береді және барлық тапсырмаларды егжей-тегжей пысықтауды жүктеді.

Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланғаны хабарланып отыр. "Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети