Астана әкімі Әсет Исекешевтің Мемлекеттік емес ұйымдар бойынша жаңа көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала басшысының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап.

"Кешеден бері Астана әкімінің үкіметтік емес ұйымдар бойынша көмекшісі жұмысын бастады. Бұл қызметке Мұрат Әбдімомынов тағайындалды. Бұл кеше әкімнің мүмкіншілігі шектеулі жандармен кещдесуі кезінде белгілі болды. Айтпақшы, қазір оларды "рухы мықтылар" деп атаймыз", - дейді Жүргенбаева.
Қала әкімінің көмекшісін таңдау дауыс беру арқылы жүрген.
Жүргенбаеваның сөзінше, "Нұр Отан" партиясының астаналық филиалы мен Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы "Астана - рухы мықты жандар қаласы" атты мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы бағдарлама жасады.
Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық өмір мен қала басшылығына белсенді аралсуға мүмкіндік береді. Ресми деректер бойынша Астанада 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады.