19 желтоқсан 2014 12:23

"Ислам мемлекеті" ролигіндегі қазақстандық балалар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Бас прокуратура "Ислам мемлекеті" туралы роликтегі қазақстандық балалардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченкоға сілтеме жасап.


Бас прокуратура "Ислам мемлекеті" туралы роликтегі қазақстандық балалардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченкоға сілтеме жасап.

"Роликке қатысты айтатын болсақ, әрине, бұл роликте кімнің түсірілгенін, тіпті балаларға қатысты ақпаратты да білеміз. Бұл басқаша болса дұрыс болмайтын еді, себебі арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары осыған ұқсас барлық материалдармен байыппен, егжей-тегжейлі жұмыс істеп жатыр және біз мұндай материалдардың таратылмауы үшін оларды желіде шығуына тоқсауыл қоюға тиісті шара қолданамыз. Бұл біз үшін өте маңызды", - деді Кравченко тілшілерге экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне арналған конференцияның үзілісінде.

Ол балалардың аты-жөнін айтпады. "Қазіргі уақытта мен сіздерге олардың аты-жөндерін айта алмаймын, бірақ бұл балалардың кім екенін жақсы түсінеміз, бірақ біз мұндай қылмыстық іске тартылмауы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз", - деді бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар, Кравченко бұл балалардың қарулы қақтығыстардың ортасына түрлі жолдармен түскенін, бірақ негізінде ол жаққа отбасымен бірге кетіп қалғандар екенін түсіндірді.

Ол Қазақстанның бұл балаларды отанына қайтару үшін жұмыс істейтінін айтты. Қазақстанның Бас прокуратурасы БАҚ пен қоғамға мұндай видеороликтердің таратылмауы керектігін ескертті.  

"Осы барлық материалдар насихат болып саналады, яғни бұлардың бәрі қасақана жасалады, ал оларды жоғары маманданған адамдар жасады, мұның барлығын өз жағына адамдарды тарту мақсатында жасап отыр, нақтылап айтсақ, олар қылмыстық топтарына адам тарту үшін жасап отыр. Мұнда бір жоғары тұратын мақсаттар бар деп алданбау керек, бұл қарапайым қылмыстық топ, ол соғысуға байланысты, аса ауыр қылмыстарға қатысуға, кісі өлтіруге, бейбіт тұрғындарға қарсы түрлі лаңкестіктерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл - өте қауіпті әрекет, әрине, оның жолы кесіледі", - деп мәлімдеді Кравченко.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети