Италияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар Алматыға жеткізіледі

29 Мамыр, 14:09
0
Италияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар Алматыға жеткізіледі - © ANSA
© ANSA

Италияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар алдағы тәулікте Алматыға жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, зардап шеккендер қазіргі уақытта Италияда стационарда ем алып жатыр.

"Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысана сүйенсек, науқастардың жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған, оларды санитарлық авиациямен тасымалдау қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қос науқасты елге алып келуге дайын. Санавиацияның арнайы борты да әзір және пациенттер біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауында болады. Санитарлық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, пациенттер алдағы тәулікте Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізіледі", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 24 мамырда Италияда жол апатынан 9 қазақстандықтың зардап шеккені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы таңғы уақытта Монтериджони және Бадессе қалаларындағы Сиена - Флоренция магистралінде болған. Куәгерлердің сөзінше, жолдан шығып кеткен автобус жырада өсіп тұрған ағаштарға соғылып тоқтаған. Жалпы зардап шеккендердің саны - 37 адам. Бір адам қаза тапқан. Ол - Ресей азаматшасы, ресейлік әйел жолнұсқаушы болып жұмыс істеген екен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай