05 наурыз 2014 13:38

Жәкішевті ұрып-соққаны туралы ақпарат тексерілетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Жәкішев. ©Нұрғиса Елеубеков Мұхтар Жәкішев. ©Нұрғиса Елеубеков

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті колония қызметкерлері ұрып-соқты деген ақпаратты тексеретін болады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәкішевке қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде оның қызы Әйгерім таратқан болатын. "Колония қызметкерлері оны көрінетін із қалдырмау үшін бетке жарақат салмай ұрды", - дейді Жәкішева. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері Жәкішевтің Қарағанды облысындағы Долинка елді мекені маңындағы АК-159/6 колониясында жаза өтеп жатқанын айтты. "Қазіргі уақытта Мұхтар Жәкішевтің жағдайы қанағаттанарлық. Қажет болған жағдайда медициналық жәрдем көрсетіледі", - дейді ҚАЖК мамандары. Еске салайық, Мұхтар Жәкішев ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иелену немесе жұмсау", "Алаяқтық", "Құжатты, штампты, мөрді, бланктерді, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату", "Заңсыз жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру", "Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" баптары бойынша айыпты деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған босатылған соң мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан жеті жылға айыру жазасы да берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети