Жақсыбеков астаналықтарды тазалық сақтауға шақырды

19 Қыркүйек 2015, 13:49
0
Жақсыбеков астаналықтарды тазалық сақтауға шақырды - © Астана әкімдігінің сайты
© Астана әкімдігінің сайты

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков "Біз - таза қала үшін" жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Елорда әкімі сенбіліктің маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырды. Қаланың тазалығын сақтау әрбір астаналықтың өмір сүру дағдысына айналуы керектігін атап өтті,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Шара "Бұл - менің қалам. Мен өз қаламды таза әрі көрікті етемін!" деген ұстанымдағы адамдарды біріктіреді. Сондай-ақ олардың қатары күннен-күнге артып жатыр. Сондықтан да біздің қала күн өткен сайын таза әрі көрікті болып жатыр. Астана іс жүзінде елордалық мәдениетті қалыптастыру үстінде", - деді Жақсыбеков.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты, 450-ден астам техника жұмылдырылды.


Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аула іші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды.

Айта кетейік, сенбілікке Парламент Сенатының депутаттары да қатысты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай