21 қыркүйек 2015 14:05

Жақсыбеков Астананың бюрократизм бойынша "чемпионын" анықтамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Әділбек Жақсыбеков бюрократизм бойынша Астананың "чемпионын" анықтамақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы шенеуніктерді артық кедергілер үшін кінәлады.


Әділбек Жақсыбеков бюрократизм бойынша Астананың "чемпионын" анықтамақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысы шенеуніктерді артық кедергілер үшін кінәлады.

Жақсыбековтің айтуынша, Астана үшін маңызды ең маңызды мәселелердің бірі - шағын және орта бизнесті дамыту. "Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтіліп жатыр, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді", - деді Астана әкімі.

Сонымен қатар, аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда әкімі демалыс күндері қаладағы "Шанхай", "Алаша" базарларын аралап, инфрақұрылымды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды. "Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға түсіп жатыр. Елорда әкімі аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің маршруттарын оңтайландыруды, "Шанхай" базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети