14 тамыз 2014 20:24

Жақсыбековке ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков. Сурет primeminister.kz сайтынан алынды. Әділбек Жақсыбеков. Сурет primeminister.kz сайтынан алынды.

Әділбек Жақсыбековке ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқаратын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Әділбек Жақсыбековке ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқаратын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді", - делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінің креслосы Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер бойынша агенттіктің басшысы болып тағайындалған кезде бос қалған еді. Естеріңізге саламыз, 2014 жылдың 6 тамызында Мемлекет басшысы Үкімет құрамына өзгерістер енгізіп, бірқатар министрліктердің санын қысқартқан болатын. 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет және 272 департамент қызқартылып, бүгінде үкімет құрамында 12 министрлік, 30 комитет қана қалды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети